қазақша · русский · english
 
 
 
19.06.2023

Кембридж университетімен халықаралық ғылыми ынтымақтастық: инновациялық инсайттар

 

2023 жылғы 14 - 21 маусым айында АР 14872311 «Action Research сынды зерттеудің бейресми формаларын тәжірибеге интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың теориясы мен технологиясы» іргелі жобасы аясында жоба жетекшісі А.Е.Берікханова және зерттеу тобы: Б.О.Сапарғалиева, Ж.К.Ибраимова, Ф.Б.Асилбаева, Д.К.Байдильдиновалар Кембридж университетінде (Ұлыбритания) біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.

 

Семинарларды Хомертон колледжінің базасында доктор Елейн Уилсон өткізеді. Семинардың мақсаты - Action Research ретінде зерттеулерді ұйымдастырудың бейресми нысандарын ЖОО тәжірибесіне жүйелі интеграциялау негізіндегі ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігі мәселесі бойынша біліктілікті арттыру болып табылады.

 

2023 жылғы 15 маусымда семинар жұмысына колледж директоры доктор Саймон Вулли қатысып, жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру жүйесінің даму әлеуеті туралы құнды идеяларымен бөлісті, одан әрі ынтымақтастық басымдықтар жайлы сөз қозғады. Семинар жоспарын жобалық зерттеу тобының сұраныстарын ескере отырып, Элейн Уилсон әзірледі.

 

Семинарлардың алғашқы күнінен бастап негізгі инсайттар тиімді білім беру реформаларын ұйымдастыру идеялары, реформаларды енгізудегі оқытушылардың негізгі рөлдер, оқытушылардың өз тәжірибесін зерделеудегі жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, нақты педагогикалық мәселелерді диагностикалау және зерттеу, оларды Action Research пен Lesson study арқылы шешімдерін табу, зерттеудің негізгі формаларының жіктемелерін әзірлеумен байланысты болды.

 

2023 жылдың 16 маусым айында семинар жұмысына Кембридж университетінің ассистент-оқытушысы Чарли Петит қатысты, ол педагогикалық практиканы жүйелі талдау әдістерін қолдану бойынша өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Чарли Петтит Action Research-тің зерттеу әдістемесінің маңыздылығына баса назар аударып, Практик-оқытушының үнемі және үздіксіз дамуының қозғаушы күші болуы тиіс. Одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

 

Жоба қатысушылары іргелі зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерімен бөлісті, Action Research арқылы ПОҚ зерттеу белсенділігін арттыру тұжырымдамасының құрылымы мен мазмұны, Action Research зертханасының жағдайы, жыл бойы жүйелі түрде өткізілген әдіснамалық семинарлар, тренингтер туралы мәлімет берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу