қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2023

Абай университетінің өкілдері Беларусьтегі педагогикалық сыныптардың тәжірибесін зерттеді

 

2023 жылғы 18-23 сәуір аралығында «Педагогикалық сыныптар кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды «Педагог» мамандық таңдауға даярлауды педагогикалық сүйемелдеу құралы ретінде» ректордың гранты бойынша университетішілік жобаны орындау аясында жобаның ғылыми жетекшісі Абай университетінің Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева және Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков Беларусь Республикасында педагогикалық сыныптар жұмысының тәжірибесін зерделеу мақсатында Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетіне ғылыми іссапармен барды.


Іссапар барысында Беларусь Республикасының Педагогикалық білім беруді дамыту орталығына, Педкадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тағылымдамадан өту институтына, сондай-ақ Минск қаласының №6 орта мектебіне барып, «Педагогикалық сыныптар жұмысының теориясы мен практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада екі жак М. Танк атындағы БМПУ және Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері әр елдегі педагогикалық сыныптар жұмысының жоспарлары мен ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасып, одан әрі ынтымақтастық жолдарын белгіледі. Сондай-ақ, педсынып түлектерінен, М. Танк атындағы БМПУ студенттерінен құрылған «Профиль +» клубының қызықты тәжірибесімен танысты.

 

Минск қаласының №6 орта мектебіне барғанда Абай университетінің қызметкерлері «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» факультативін іске асырудың практикалық тәжірибесімен, «Сигма» және т.б клубтарының жұмысымен танысты.

 

Алынған ғылыми-әдістемелік зерттеу тәжірибесі Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы қаласындағы мектептерде ғана емес, облыста және бүкіл ел бойынша педагогикалық сыныптарды енгізу бойынша жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу