қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

«Менің Ұлттық тәрбиеге қосатын үлесім» жалпыуниверситеттік конкурс

 

2023 жылғы 11 сәуірде Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы «Ұлттық тәрбие» орталығымен бірлесіп Абай атындағы ҚазҰПУ-дың және педагогика кафедрасынаң 95 жылдығына арналған «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» жалпыуниверситеттік қорытынды конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты - жастарымыздың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұстаздық мамандықты меңгеруге қызығушылықты арттыру, ұлттық сана-сезімді, ұлтжандылыққа, ана тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Конкурс Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс студенттері арасында 2023 жылғы 22 ақпан мен 11 сәуір аралығында өтті. Қорытынды конкурсқа педагогика кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен өз институтының атынан 8 жеңімпаз команда қатысты.

 

Іс-шараның ашылуында университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов құттықтау сөз сөйлеп, жастарды ұлттық тәрбиелеу аясында өткізілетін іс-шаралардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

 

Конкурс барысында студенттердің шеберлігін қазылар алқасының төрағасы Б.А. Альмухамбетов, қазылар алқасының мүшелері: педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж. Колумбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Г.П. Шахарман, «Ұлттық тәрбие» орталығының директоры Б.Ж. Сапаров, педагогика кафедрасының доценті С.С. Жұмашева бағалады.

 

Қызықты, мазмұнды тапсырмаларды орындау нәтижесінде жүлделі орындар келесі командалар арасында бөлінді:

 

I орын - «Жас тұлпар» құрама командасы, Тарих және құқық институтының студенттері.

II орын - «Аманат» командасы, Педагогика және психология институтының студенттері (Логопедия).

III орын - «Ынтымақ» командасы, Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері (Дене шынықтыру және спорт).

 

Конкурста ұсынылған бес номинация келесідей бөлінді: Малик Ғабдуллин атындағы номинация, патриотизм мен тапқырлық үшін - «Хиуаз» командасы (ФИ, екі шет тілі); Токмухамед Садықов атындағы номинация, жеңіске деген табандылығы үшін - «Нұрлы жүрек» командасы (ФИ, «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті»); Ыбырай Алтынсарин атындағы номинация, ауызша халық шығармашылығын жақсы білгені үшін - «Абай бол» командасы (ЖГИ); Құрманғазы Сағырбаев атындағы номинация - «Шаңырақ» командасы (ӨМСИ, «Музыкалық білім»); Мағжан Жұмабаев атындағы номинация, ұлттық құндылықтарға ерекше көзқарасы үшін - «Мұзбалақ» командасы (МФИИ).

 

Іс-шараның барлық қатысушыларына дипломдар, сертификаттар және ақшалай сыйақы табыс етілді. Болашақта ұйымдастырушылар «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» конкурсын қалалық, республикалық деңгейлерге шығару жоспарлап отыр.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу