Педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
07.04.2023
Рефлексиялық практика педагогтың маңызды зерттеу дағдысы ретінде
2023 жылғы 6 сәуірде Абай университеті Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы «Рефлексивті практика-педагогтің зерттеу белсенділігін арттырудың негізі» тақырыбында жалпыуниверситеттік ғылыми - әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - педагогтың кәсіби өзін-өзі жетілдіруінің және оның зерттеу белсенділігін арттырудың негізі ретінде рефлексивті практиканың өзектілігін және оқу процесіне енгізілуін талқылау.
Семинар кафедраның ҒЗЖ жоспары бойынша және «Action Research ретінде зерттеудің бейформалды нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы» ИРН АР 14872311 гранттық жобасы шеңберінде өткізілді.
Семинар жұмысына Педагогика және психология институтының директоры Г.А. Абаева, кафедра меңгерушісі Ш.Ж.Колумбаева, сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тольятти мемлекеттік университетінің институты (Ресей), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Г.Н.Гумилев атындағы ҚазҰУ, Ш.Есенов университеті, С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеті (Астана), Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Тұран» университеті, ҚАУ, АТУ, СПБКГУ АФ профессор-оқытушылар құрамы, Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, докторанттар, магистранттар қатысты.
Семинар спикерлерінің мазмұнды баяндамалары негізінде: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеуші А.Е.Берикханова, JOO High Schools академиялық директоры Н.Р.Елшібеков, PhD, пост-докторант Б.О. Сапаргалиева педагогикалық рефлексияның түрлері мен функциялары және оқытушылардың зерттеу белсенділігіне тигізетін әсерін жан-жақты ашты, оқытушылардың кәсіби қызметіне рефлексивті практиканы енгізудің негізгі механизмдері, ынталандыру тетіктері мен кезеңдері талқыланды, сондай-ақ, Ұлыбритания, АҚШ, Финляндия және т.б. елдердің рефлексивті оқытудың табысты шетелдік модельдеріқарастырылды.
Семинардың негізгі сәттерін талқылау барысында кафедра меңгерушісі Ш.Ж. Колумбаева, доцент Ж.К.Ибраимова, Алматы қ. ХБН НЗМ мұғалім-сарапшысы Д.К.Байдильдинова, СПБГУП-нің профессоры Л.О.Сәрсенбаева, аға оқытушы Ф.Б.Асилбаева сөз сөйледі. Тольятти мемлекеттік университетінің профессоры Ирина Руденко бірлескен әдіснамалық семинар өткізуге ниет білдірді, Педагогика және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Данила Писаренко педагогтарды зерттеу қызметіне ынталандыру әдістерін талқылауға белсенді қатысып, сындарлы кері байланыс берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|