қазақша · русский · english
 
 
 
15.03.2023

«Action Research» - педагогтың зерттеу белсенділігінің негізі

 

2023 жылдың 13 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Кәсіби практикаға зерттеудің бейформалды түрлерін енгізу негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін арттыру» тақырыбында жалпыуниверситеттік ғылыми-әдіснамалық семинар өткізілді.

 

Ғылыми-әдіснамалық семинар кафедраның ҒЗЖ жоспары бойынша және «Action Research ретінде зерттеудің бейформалды формаларын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы» ҒЗЖ AR 14872311 гранттық жобасы шеңберінде өткізілді.

 

Модератор, Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеуші-профессор А.Е. Берикханова және спикерлер: Ғылым департаментінің директоры У.М. Абдигапбарова, постдокторант Б.О.Сапарғалиева, АФ СПбГКУ-нің доценті Л.О. Сарсенбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті Ж.К. Ибраимова, Алматы қ. ХББ НЗМ сарапшы-мұғалімі Д.К.Байдильдинова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы Ф.Б.Асилбаевалардың мазмұнды баяндамаларында Абай атындағы ҚазҰПУ трансформациясының өзектілігі ашылды. Олар ғылыми-зерттеу педагогикалық университетіне Action Research енгізудің үздік әлемдік тәжірибесіне, оқытушылардың зерттеу белсенділігін дамытудың негізгі әдіснамалық тәсілдері мен қағидаттарына, Action Research іске асырудың негізгі циклдарына, кезеңдеріне, профессор-оқытушылар құрамының зерттеу құзыреттілігіне және Action Research-ті ЖОО практикасына енгізудің күтілетін нәтижелеріне тоқталды.

 

Сондай-ақ, семинар жұмысында Педагогика және психология институтының директоры Г.А. Абаева және кафедра меңгерушісі Ш.Ж. Колумбаева құнды ой-пікірлерімен бөлісті. Ғылыми-әдіснамалық семинар Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰҚПУ, Шәкәрім университеті (Семей), Ш.Есенов Университеті (Ақтау), С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеті (Астана), М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, М.Әуезов атындағы ОҚУ, АГЭУ, Тұран университеті, АТУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ (Қостанай), СПбГКУ (Алматы филиалы), М.Өтемісұлы атындағы БҚУ, Каспий университеті (Алматы), Қарағанды техникалық университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өкілдері, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Семей электротехникалық колледжінің өкілдері, № 1 Алматы гуманитарлық колледжі, Алматы, Астана, Талдықорған қалаларының мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар үшін зерттеу тәжірибесімен алмасу бағытындағы қызықты зияткерлік алаң болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу