қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2021

Болашақ педагогтардың бейімдік

көшбасшылығының әдіснамалық аспектілері

 

2021 жылдың 25 қазанында университет бойынша Педагогикалық пәндер циклы бөлімі (педагогика кафедрасы) «Болашақ педагогтардың бейімдік көшбасшылығының әдіснамалық аспектілері» тақырыбында жалпыуниверситеттік ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

 

Спикер - профессор Қорлан Жампеисова қатысушыларға адаптивті көшбасшылық, оның сипаттамалары, студенттерде адаптивті көшбасшылықты қалыптастырудың формалары мен әдістері, дизайн-ойлау, жоғары оқу орындарындағы синергетикалық көзқарас туралы қызықты материалмен бөлісті.

 

Талқылау барысында бейімді көшбасшылықтың өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті сияқты компоненттеріне басты назар аударылды.

 

Семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдары мен оқытушылары, Нұр-Сұлтан, Семей қалаларының мектеп мұғалімдері, сонымен қатар магистранттар, докторанттар мен студенттер қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу