қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2021

«Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау ерекшеліктері» халықаралық вебинар қорытындысы

 

2021 жылғы 2 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы мен жүзеге асырылып жатқан «Нақты деректер негізінде оқытушыларды дайындау және ұйымдастырушылық мәдениет» халықаралық жоба аясында Сакраментодағы Калифорния Университетінің (АҚШ) қатысуымен «Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау ерекшеліктері» тақырыбында халықаралық онлайн-вебинар өткізілді. Жоба Америка мемлекетінің халықаралық білім беру бойынша Американдық кеңесінің U.S.-Kazakhstan University partnerships grants бағдарламасымен қаржыландырылады.

 

Вебинарды ұйымдастырған - университет бойынша Педагогикалық циклдағы пәндер бөлімі, Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы мен аударма кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ пост-докторанттары.

 

Вебинарды университеттің ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры Саябек Сахиев ашты. Вебинардың модераторы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың пост-докторанты, жобаның үйлестірушісі Баян Сапаргалиева болды. Iс-шараның басты спикері Сакраментодағы Калифорния Университеті Білім колледжінің деканы (АҚШ), жоба үйлестірушісі профессор Александр Сидоркин, екінші баяндамашы - ҚазҰПУ-дың Педагогикалық циклдегі пәндер бөлімінің профессоры Айман Берикханова болды. Модератор жобаның іске асырылуы туралы ақпаратпен бөлісті.

 

Айман Берікханова жаһандану, цифрландыру және пандемия жағдайында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау сапасының өзектілігі туралы ақпаратпен бөлісті. Ол педагогикалық білім беруді жаңарту жөніндегі университеттің стратегиялық бағыттары туралы, студенттерді кәсіби даярлаудың қосымша формалары ретіндегі мектептердегі ғылыми-оқу-әдістемелік кешендер туралы, Педагогикалық шеберлік академиясы, болашақ мұғалімнің шығармашылық зертханасы жайлы баяндап берді.

 

Александр Сидоркин АҚШ-тағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың ерекшеліктері туралы баяндап берді. Спикер мұғалімді оқытудың «7 киті» туралы пәнді терең білу, оқушылардың әртүрлілігіне дайындық, жетістіктерді сырттай бағалануы, жас мұғалімдерді қолдау жүйесі, бағдарламалардың мамандандырылған аккредитациясы, практиканың үш түрі, интеграцияланған практика моделі ретінде ақпараттармен бөлісті. Ол болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудің тиімді тетіктерінің бірі ретінде ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударды.

 

Онлайн-вебинарға Еуропа, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан университеттерінің 100-ге жуық өкілдері қатысты, оның ішінде: ASIIN неміс аккредиттеу агенттігінің Орталық Азиядағы өкілдігі, Сент-Климент Охридский атындағы София университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті , Бұхара мемлекеттік университеті, Ош мемлекеттік университеті, М.М.Адышев атындағы Ош технологиялық университеті, М.Қозыбаеватындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды ​​университеті, Қарағанды ​​техникалық университеті, Қазақ мемлекеттік заң университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Аманжолов, атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Х. ДулатиатындағыТараз мемлекеттік университеті, Қорқыт АтаатындағыҚызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті, Халықаралық бизнес университеті, Орталық-Азия университеті, Нұр-Сұлтан қ. 59 мектеп-лицейі және Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

Сессияда вебинарға қатысушылардың сұрақтары мен жауаптары тыңдалды.

 

Халықаралық деңгейдегі онлайн іс-шараның нәтижелерін қорытындылай келе, оқытушылар мен студенттердің білім берудегі қатысу деңгейінің орасан зор рөл атқаратындығын атап өтуге болады, бұл жалпы білім беру сапасының көрсткіші ретінде бағаланады.

 

Вебинар жылы және достық атмосферада өтті, қатысушылар спикерлер мен ұйымдастырушыларға қызықты және мейірімді онлайн-кездесу үшін ризашылықтарын білдірді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы хабарландырулардағы сілтемелерге назар аударуларыңыз өтініледі. Халықаралық онлайн-вебинарлар сериясы 2021 жылғы 5,7,9-шы сәуірде жалғасады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу