қазақша · русский · english
 
 
 

Кафедраның ҒЗЖ негізгі бағыттары:
- дүниежүзілік білім беру кеңістігіндегі ұлттық, рухани-адамгершілік, патриоттық, т.б. жаңа ғылыми жетістіктер мен практикалық тәжірибелерді;
- «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру жүйесін құру;
- болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін дамыту негізінде Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру сапасын жоғарлатудың ғылыми-практикалық ұсыныстар жасау;
- болашақ мамандарда жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда ғылыми баяндамалар жасау;
- жоғары импакт-факторы бар шетелдік басылымдарда мақалалар жаиялау, БАҚ -да жан-жақты жұмысі стеу;
- ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік семинарлар, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық семинарлар, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар өткізу.

 

Кафедраның маңызды іс-шарасы ретінде 2018 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойына арналған «бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамасы мен практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

 

Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен стратегиялық құжаттары аясында бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім берудің жаңа парадигмасын қалыптастыру.
2.Қоғамдық сананы жаңғыртудың бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім берудің жаңа парадигмасының мазмұнына әсері.
3.Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары, идеялары мен ұстанымдары. Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім берудің жаңа парадигмасының моделі.
4.Болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту - жоғары педагогикалық білім берудің өзекті мәселесі.
5.Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе.
6.Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті педагогты дамытудың акмеологиялық аспектісі.
7.Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.

 

Кафедраның ғылыми әлеуеті мұғалімдердің сыртқы ұйымдардағы Тұжырымдамалар мен бағдарламалар жасауға қатысуымен анықталдады. П.ғ.д., профессор Жампеисова К.К., п.ғ.к., ҚазҰПУ профессоры Колумбаева Ш.Ж. ҚР БҒМ бойынша және ҚР Ы.Алтынсарин БҰА тұжырымдамалық құжаттар жасауға қатысты: «Рухани жаңғыру» Жағдайында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздері», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдаламасы».

 

Кафедрада жүйелі түрде ғылыми-әдістемелік семинар жүргізілуде. Ол семинарлар университеттің барлық факультеттерінің мұғалімдері үшін ашық.(жауапты Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, п.ғ.к. А.Е.Берикханова).

 

Ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық есебі-2023

 

Ғылыми жобалар


Ғылыми мақалалар