қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
11.05.2022

«Адалдық адамдықтың белгісі» тәрбие сағаты


2022 жылдың 8 мамырында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Мейрхан Сымбат 2 курс «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығы, қытай тілі бөлімі, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге «Адалдық адамдықтың белгісі» ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты - адалдық жайында болды. Яғни адалдық дегеніміз не? Адал адам дегеніміз кім? Не себептен адамдар адал болу қажет? Бұған ғұламалардың көз- қарасы қандай?

 

Тәрбие сағаты барысында студенттер адалдық жайлы білу барысында және де өз көз- қарастарын көрсету үшін презентациялар жасап, өз ойларын талқыға салды, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім құдайбердіұлы, Әл- Фараби, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, секілді ғұлама ақын- жазушылардың адалдық тақырыбындағы қанатты сөздерін оқып қана қоймай, оны екі тілде, қытай және қазақ тілінде айтып, тек қана қазақ ғұламаларының ғана емес, басқа да елдердегі ғұламалар Максим Горький, Қаюм Насыри, Михаил Пришвин, Плавт Тит Макций, Менандр, Вишакхадатта, Габриэль Оноре Марсель, Ф. Шиллердің ой толғаулары жайында да презентация көрсетіп, оған деген өз көз қарастарын баяндады. Тәрбие сағаты соңында студентер «Адалдықтың алтын жібі» жайында презентация жасап, Шәкәрім атамыздың осы тұстағы «Адалдық айнасы» атты өлеңі мен Абай атамыздың «үшінші» және «он сегізінші» қара сөздеріндегі негізгі ойды аша отырып, оның халыққа берер өнегелерін сараптап, өз презентацияларын қорғады.

 

Тәрбие сағатына магистр, аға оқытушы Алмабекова Асель Муратхановна, магистр, аға оқытушы Раева Арайлым, аға оқытушы, ф.ғ.к. Қайсейтова Э.Ж, және кафедра студенттері мен шетел тілі:екі шет тілі, 3 курс студенттері, 2 курс «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығы, қытай тілі бөлімінің студенттері қатысты.

 

Ашық тәрбие сағатында студенттер жоғары деңгейде белсенділік танытты. Студенттер тақырыптың өзектілігін көтере отыра, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім құдайбердіұлы, Әл- Фараби, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, секілді ғұлама ақын- жазушылардың адалдық тақырыбындағы қанатты сөздерін оқып қана қоймай, оны екі тілде, қытай және қазақ тілінде айтып, адалдық тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

 

Ашық тәрбие сағаты соңында магистр, аға оқытушы Раева А.Н, магистр, аға оқытушы Алмабекова Асель, аға оқытушы, ф.ғ.к. Қайсейтова Э.Ж. сөз сөйлеп, студенттерге өз алғыстарын білдірді. Іс-шараны жоғары деңгейде бағалады.

 

  alt=