қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
05.05.2022

Бәсекеге қабілеттілік табысқа жетудің құралы ретінде

 

2022 жылдың 4 мамыр күні Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Жазира Қуанышбаева, Куралай Кантаева және Олжас Карибаевтың ұйымдастыруымен 3 курс «Философия» мамандығының студенттері «Бәсекеге қабілеттілік табысқа жетудің құралы ретінде» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шара интелектуалды турнир ретінде ұйымдастырылып, бастапқы екі бөлімде топтардың шағын байқауы өткізілді. Ал, шеберлік сағат форматына сәйкес мақсат қою техникалары мен уақытты жоспарлауға арналған тәсілдерді практикалық түрде ұтымды түсіндірілді. Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа сәйкес маман қандай болуы қажет, қажетті дағдыларды қалай қалыптастыру қажет сияқты сұрақтардың жауабы талданып, нақты техникалар арқылы қажетті ақпараттармен ой талқылау жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=