қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2019

«5В010600/6B01402/7M01402-Музыкалық білім» мамандығы бойынша
74- ші студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы

 

2019 жылғы 15 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 74-ші ғылыми конференция аясында «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында конференция өтті. Оған «5В010600/6B01402/7М01402- Музыкалық білім» мамандығының студенттері мен аспиранттары, кафедраның ПОҚ-ы қатысты.


Кафедра студенттері мен магистранттарының баяндамаларында орта мектеп оқушыларымен жұмыс жасауда педагогикалық технологияларды қолдана білу, домбырада, қобызда музыкалық шығармаларды орындау, жастар арасында байыпты музыканы насихаттау, жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық білім беру, ғылыми және әдістемелік мәселелерді шешу кезінде музыкалық білім саласындағы алған білімдерін педагогикалық іс-әрекетте қолдана білу және оқушылардың жеке айырмашылықтары, әртүрлі типтер арасындағы синтезді жүзеге асыру үшін, бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, музыканы анимациямен байланыстыру және т.б. келіп түскен 22 баяндама тыңдалды.


Бакалавриат секциясында профессор Лора Мақсұтқызы Нәрікбаева, магистратура секциясында доцент Бекмұхамедов Бекен Мәжитұлы төрағалық етті. Барлық студенттер сертификаттармен және номинациялар бойынша дипломдармен, көшбасшылар алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орындар келесі қатысушыларға берілді:


I-ші дәрежелі диплом -
1. Музыка пәні мұғалімінің жұмысындағы ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері.
Күздекбай Әйгерім, 2(4) курс студенті, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Нәрікбаева Л.М.- п.ғ.д., профессор.
2. Бастауыш сыныптарында музыка сабағы барысында фортепиано пьесалардың бейнелік әлеуетін көрсету мәселелері.
Мұхади Мадина, 2 (3) курс студенті, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Бекмухамедов Б.М.- п.ғ.д., доцент.

 

II-ші дәрежелі диплом -
1. Диагностика музыкальной одаренности детей.
Кайса Жасмин, студент 2(4) курса, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Нәрікбаева Л.М.-п.ғ.д., профессор.
2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныптан тыс іс-әрекеттеріндегі музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Юсупахметова Зубайра, 2(4) курс студенті, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Нәрікбаева Л.М.- п.ғ.д., профессор.
3. Музыка арқылы балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту ерекшеліктері.
Молдрахым Ақерке, 4 (4 ж.) курс студенті, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Бекмухамедов Б.М.- п.ғ.д., доцент.

 

III-ші дәрежелі диплом -
1. Музыка арқылы балалардың эмоционалдық мәдениетін тәрбиелеу.
Мухтар Жулдызай, 2(4) курс студенті, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Нарикбаева Л.М.- п.ғ.д., профессор.
2. Жаңартылған білім мазмұнында музыка сабақтарының ерекшеліктері.
Нұрмағанбет Шапағат, 4(4) курс студенті, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Какимова Л.Ш. - п.ғ.к., доцент
3. Баян аспабында халық әндерін орындау ерекшеліктері.
Амангельдиев Руслан, 2(4) курс студенті, «Музыкалық білім».
Жетекшісі: Барибаев С.Б. - доцент.
4. Развитие образного мышления младших школьников на хоровых занятиях.
Кемельхан Арай, студент 3(4) курса, «Музыкалық білім».
Ғылыми жетекшісі: Балағазова С.Т.- п.ғ.к., ассоц. профессор.

 

Қалған студенттер Жеткізген Абылайхан 2 курс студенті,Бұтақбай Ақан 3(4) курс студенті,Әбдірашит Әйгерім 1(4) курс студенті, Куанышбек Жания 2(4) курс студенті,Сергазина Назерке 2(4) курсстуденті, Батырбекова Ұлпан 2(4)курс студенті, Газимова Бибіхан 2(4) курс студенті, Совет Самал 1 (4)курс студенті, Бабякина Оксана 3(4)курс студенті «Орындайтын суреттерді пайдаланғаны үшін», «Зерттеуде интегративті тәсілдер үшін», «Зерттеу тақырыбының практикалық маңыздылығы үшін», «Ғылыми зерттеулерге белсенді қатысқаны үшін»номинациялар бойынша дипломдармен және ғылыми конференцияға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу