Оқытушылардың халықаралық конференцияларға қатысуы
2022 жылғы 15-16 қарашада Өнер, мәдениет және спорт институты музыкалық білім беру кафедрасының профессоры Лора Нарикбаева ұйымдастырушылардың шақыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасы аясында өткізілген «Көпмәдениетті қоғамдағы өнер: дәстүрлер мен инновациялар» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысына қатысты.Іс-шара жыл сайын қазақ сахналық биінің негізін қалаушылардың бірі Дәурен Әбировтың шығармашылық және педагогикалық мұрасын насихаттау мақсатында өткізілді.
Конференцияда тәуелсіздік жылдарындағы ғылымды, білім мен мәдениетті дамыту жолдары, сондай-ақ басқа мемлекеттердің озық идеялары, ұлттық өнерді сақтау мен дамыту, жаһандану жағдайындағы өнер мен мәдениетті дамыту жолдары, өнердегі білім мен ғылымның өзекті мәселелері талданды.
Конференцияға Өзбекстан, сондай-ақ Астана хореография академиясының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының өкілдері, зерттеуші ғалымдар, өнер және білім беру саласындағы оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Лора Нарикбаева Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының қонақтарымен, сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арт-менеджмент және хореография кафедрасының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әріптестерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатты.


