қазақша · русский · english
 
 
 
24.05.2021

ҚР БҒМ ОӘБ РОӘК ЖБТ

«Музыкалық білім беру» секциясының онлайн-отырысы



2021 жылғы 21 мамырда ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ жоспарлы жалпы отырысы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында «6В014, 7М014, 8D014 - Музыка мұғалімдерін/педагогтарды даярлау» бағыты бойынша «Музыкалық білім беру» РОӘК секциясының онлайн-отырысы өткізілді.


Модератор музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессоры, музыка педагогтарын даярлау бағыты бойынша РОӘК ЖБТ жетекшісі Лора Нәрікбаева болды. Отырысқа қатысушылар - РОӘК мүшелері және музыка мұғалімдерін/педагогтерін даярлау бойынша ҚР жоғары оқу орындарының өкілдері.

 

Отырыстың күн тәртібіндегі қарастырылған негізгі мәселелер «Музыка мұғалімінің/педагогтың кәсіби стандарты» нормативтік құжатты әзірлеу, музыкалық-педагогикалық қоғамның сараптамасын және ҚР «Атамекен» ҰКП-ның бекітілген рәсімдерінен өту болды.

 

Осы құжатты әзірлеу бойынша жұмыс тобына ЖБТ РОӘК жоба жетекшілері кіреді: Абай атындағы КазҰПУ музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессоры Нарикбаева Лора; Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің өнер мен музыка кафедрасының асс.профессоры Ахметова Тулеш; М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Музыка пәндері» кафедрасының профессоры Колесникова Галина; Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкалық білім және психология» кафедрасының профессоры Калиакбарова Ляйля; Абай атындағы КазҰПУ музыкалық білім беру және хореография кафедрасының доценті Айтуарова Ажар; Қ. Жұбанов атындағы АРУ «Музыка және хореография» кафедрасының доценті Мукеева Нұржамал.

 

Сондай-ақ, отырыста келесі оқу құралдарына «Педагогикалық ғылым» білім беру саласындағы ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ оң сараптама нәтижелері және грифін беру жарияланған: 1) Mukyeeva N. Methods of teaching music: Study guide - Aktobe, 2021 - 104p. 2) Нәрікбаева Л.М., Қоқымбаева Б.Ж., Личман Е.Ю., Белгібаева Г.К. Музыка мәдениет пен өнер терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша энциклопедиясы: Оқу құралы - Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2021. - 410 б.

 

   

 




Кері оралу