қазақша · русский · english
 
 
 
20.06.2019

Менеджмент: бағдарламалық-мақсатты басқарудың қазіргі заманғы жүйесі

 

2019 жылдың 19 маусымында «Педагогика және психология» кафедрасында Білім берудегі менеджмент мамандығының алғашқы түлектерінің магистрлік диссертацияларын қорғау іс-шарасы болды. Мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде қазіргі заманғы технологиялар мен басқару құралдарын меңгерген, стратегиялық ойлауы бар жаңа буын менеджерлерін даярлау.

 

«6М010300-Педагогика және психология» (Білім берудегі менеджмент) мамандығының алғашқы магистранттары мемлекеттік аттестаттау комиссиясына өз жұмыстарын ұсынды. Комиссия магистрлік жұмыс тақырыптарының өзектілігін және «6М010300-Педагогика және психология» (Білім берудегі менеджмент) мамандығын оқып үйренудің маңыздылығын, психологиялық-педагогикалық ғылымды дамытуға, әлемдік стандарттарға сәйкес барлық деңгейде білім сапасын басқару мен бағалауды тиімді жүзеге асыруға бағытталған білікті педагогтардың жаңа буынын даярлаудың қажеттілігін, сондай-ақ практикада тың деректермен қолдана білуді ерекше атап өтті.

 

Ең қабілетті магистранттарға болашақта өз зерттеулерін әрі қарай докторантурада жалғастыруға ұсыныс жасалынды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу