қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2019

Емтихан сессиясы-жауапты кезең


Сессияға дайындық кезеңінде студенттер де, кафедра оқытушылары да белгілі бір талаптарды орындайды. Педагогика және психология институты Педагогика және психология кафедрасының әр түрлі іс-шараларды өткізу барысында барлық академиялық топтардың эдвайзерлері (Жанар Ибраева, Жанагүл Джаксынкаева, Құрманғазы Ағыбай, Лейла Сахиева, Жақсыгүл Исаева) «Педагогика және психология», «Педагогикалық өлшем» және «Білім берудегі менеджмент» мамандықтарының білім беру бағдарламаларының бакалаврларымен, магистранттарымен диалог түрінде өткізіп, «Академиялық адалдық» Кодексін талқылады.


Сессия кезінде осындай іс-шараның маңыздылығын барлық білім алушы біледі. Сондықтан білім алушылар мен эдвайзерлер академиялық адалдықты, әдепті мінез-құлықты, өзара қарым-қатынас этикасын сақтауға баса назар аударды. Және, әрине, ең бастысы - семестрге алынған өз білімін басқару. Емтиханда осы білімді сәтті көрсету керек.


Жалпы, кодексті талқылау барысында іс-шаралар оң нәтиже алды және студенттер оған саналы түрде қарайтынын жеткізе білді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу