Педагогика және психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика және психология кафедрасы / Жаңалықтар
25.02.2019
ҚазҰПУ студенттері ұстаздарға арналған Республикалық семинарға қатысты
2019 жылдың 22 ақпанында «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс бакалавр-студенттері «Балдәурен-Қапшағай» РОСО базасындағы мектеп пен колледж ұстаздарына арналған Республикалық семинарға қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген ұстаздармен өткізілген психологиялық тренингтер студенттер үшін ЖОО қабырғасында алған теориялық білімдерін тәжірибеде апробациялауға тамаша мүмкіндік болды.
15 ақпанда сауықтыру орталығының базасында өткен дөңгелек үстелде «Педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы орталық өкілдерімен бірлесе отырып, студенттерді оқытудың тәжірибелік-бағдарлы сипатын тереңдете түсу қажеттігі туралы қорытынды жасады. Ал мектеп мұғалімдеріне арналған шағын тренингтер түріндегі психологиялық қолдау және эмоционалды жеңілдету алдағы республикалық семинардың мазмұнын байыта түсті.
Студенттер өздерінің алғашқы кәсіби шеберліктерін көрсетті, дегенмен шебер практиктердің үлкен аудиториясы алдында біраз толқулар болды. Семинарда 5 секция жұмыс жасады. Әр секцияда семинарға қатысушылар саны 20-дан 40-қа дейін өзгеріп тұрды. Мұғалімдер жаңадан бастаған тренерлер мен болашақ мектеп психологтарын жылы және мейіріммен қарсы алды. Ал тренингтер оң эмоционалдық көңіл-күй мен семинар жұмысын белсендіруге ықпал етті. «Балдәурен-Қапшағай» орталығының басшылығы «Педагогика және психология» кафедрасының ПОҚ және студенттеріне алғыс білдірді. Тренингті ұйымдастыруға практиканттар, докторанттар мен оқытушылар Әлия Қосшығұлова, Әйгерім Мадалиева және т.б. атсалысып қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|