Педагогика және психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика және психология кафедрасы / Жаңалықтар
04.12.2023
«Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXIX халықаралық симпозиумнің VIII қазақстандық жастар секциясы
2023 жылдың 2 желтоқсанда Абай университетінде Алматы қ. Білім басқармасы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы», Алматы қ. И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі қолдауымен онлайн форматта «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXІХ халықаралық симпозиумнің VIII қазақстандық жастар секциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар - Абай университеті Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы Исалиева Сауле, психология ғылымдарының кандидаты, Ресей білім академиясы Психологиялық институтының аға ғылыми қызметкері Попова Татьяна (Мәскеу қ.).
Қазылар алқасы жұмысына Самарканд мемлекеттік университеті психология кафедрасының профессоры Федосенко Екатерина, психолог, арт-терапевт, Мәскеу Психоанализ Институтының оқытушысы Кильдишова Алиса, И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейінің педагог-психологы Барманашева Акжан қатысты.
Симпозиумнің техникалық модераторлары - Педагогика және психология институты «6В01101 - Педагогика және психология» мамандығы 3-4 курс студенттері Буркитова Динара, Жаханова Румиля, Машурова Рамиля.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, М.Қозыбаев атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Алматы, Аягөз қаласы және Алматы облысындағы мектептердің, гимназиялардың, лицейлер мен колледждердің оқушылары қатысты.
Оқушылар мен студенттер номинациялары бойынша симпозиум жеңімпаздары мен лауреаттары: Бірінші дәрежелі диплом - Столярова Екатерина (№ 135 жалпы білім беретін мектеп, Алматы қ.), Кунахт Рамиля (№ 60 гимназия, Алматы қ.), Боровских Елизавета (УО ТЭФМШ, Алматы қ.). Екінші дәрежелі диплом - Мун Хандор (№ 27 мектеп-гимназия, Алматы қ.). Үшінші дәрежелі диплом - Амержанова Асем (Шетел тілдері педагогикалық колледж, Алматы қ.), Ергалиева Ильнара (ASPM мектеп, Алматы қ.), Салибаева Хатима (№ 7 негізгі орта мектеп, Аягөз қ., Абай облысы), Аутова Гузеля (Шоқан Уалиханов атындағы орта мектеп, Қайназар а.), Эдилбаева Аяна (№ 96 жалпы білім беретін мектеп, Алматы қ.).
Лауреат дипломы - Турсынбек Айым, Колтаков Михаил (Абай университеті), Щелчков Руслан (А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті).
Интерактивті топтық жұмыс үшін қатысушылар бірінші және үшінші дәрежелі атаулы командалық дипломдар алды. Ең белсенді қатысушылар грамотамен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|