қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2023

«Педагогикалық өлшемдер» зертханасының ашылуы

 

2023 жылдың қараша айында Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасында кафедра меңгерушісі А.Н.Көшербаеваның жетекшілігімен студенттердің білім беру ортасын өлшеу және бағалау бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы өз жұмысын бастады. (1ғимарат, 510 ауд.)

 

Мақсаты - күндізгі, қашықтықтан, гибридті (офлайн + онлайн) оқыту форматтарында білім беру ортасын өлшеу құралдарын әзірлеу.

 

Зертхананың міндеттері: Білім беру субъектілерінің психологиялық-педагогикалық және денсаулық сақтау ортасын бағалау және өлшеу бойынша студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру; Озық әдістемелер мен өлшеу құралдары негізінде оқу жетістіктерін бағалауды өлшеу тетіктеріне оқыту; Оқушылардың оқу нәтижелерінің диагностикасы; Оқушылардың танымдық, шығармашылық және мотивациялық сфераларының даму динамикасын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізу; Педагогикалық ұжымның жетістіктерді талдау және бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Зертхананың жұмыс жоспарында білім беру бағдарламалары аясында студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған әртүрлі теориялық және эксперименттік зерттеулер, ғылыми іс-шаралар, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары қарастырылған.

 

Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Урбанизм және жаһандық білім беру ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, профессор И.Б.Шиянның (Ресей, Мәскеу), «Білім беру ортасының сапасын бағалау шкалалары және олардың білім беруді дамытудағы рөлі» атты алтын дәрісі, осы саладағы ғылыми ізденістерге негіз болды. Зертхананың ашылу салтанатын Педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева жүргізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу