қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2020

Халықаралық форум әлемнің ұлы ойшылдарының басын қосты

 

2020 жылдың 8-10 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ түркі мәдениетінің халықаралық TURKSOY ұйымымен бірлесіп, Ұлы дала аумағында түрлі тарихи кезеңдерде болған ауқымды оқиғаларды біріктіріп, қазіргі жаһандану дәуірінде бір жерге тоғысқан халықаралық форумды өткізді: ғалым энциклопедист Әбу Насыр ибн Мұхаммед әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл, ұлы ойшыл және мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасын жазғанына 950 жыл, ұлы философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл сияқты ауқымды оқиғаларды біріктіреді. Әлемдік деңгейдегі бұл оқиғалар ЮНЕСКО - ның қолдауымен халықаралық ауқымда кеңінен атап өтілуде.

 

Форумның салтанатты ашылуына ректор Такир Балықбаев, Дүйсен Қасейінов - TURKSOY (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) Бас хатшысы қатысты. Спикерлер мен ірі ғалымдар: Абдуллах Кызылджык - Ыстамбул университеті, әл-Фараби орталығының директоры, PhD доктор, профессор (Түркия); Мекемтас Мырзахметұлы - ҚР Мемлекет сыйлығының лауреаты, ҚҒА академигі; Фағани Мохсен Аббасали - Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы (Иран); Абдылдажан Акматалиев - фил.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры. (Қырғызстан); Рамиз Аскер - Баку мемлекеттік университеті «Түркі халықтары әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі. (Әзербайжан).

 

Халықаралық форум аясында пікірталас сессиялары, педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Форум бағдарламасы «Ál-Farabı-Balasaǵun-Abaı:» идеяларын мазмұндау бойынша мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша үздік студенттер сертификаттар және жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу