қазақша · русский · english
 
 
 
14.05.2020

Психологиялық-педагогикалық білім берудің​ өзекті мәселелері мен перспективалары

 

   

 

2020 жылдың 12 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасында онлайн режимде психология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Б. Абдрахманованың 70 жылдық мерейтойына арналған педагогикалық білім беруді дамыту мәселесі​ бойынша конференцияның қорытынды іс-шарасы «Психологиялық-педагогикалық білім берудің​ өзекті мәселелері мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.


Конференция мақсаты - жаңа тенденцияларға байланысты психологиялық-педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және шешуде шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін жұмылдыру болып табылады.


Вебинар-конференцияны университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын ашты, артынша институт директоры Берікжан Әлмұхамбетов сөз алды.

 

Одан кейін сөз алған кафедра меңгерушісі Айгерім Көшербаева кеш иесін құттықтап, вебинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, конференцияға қатысушы модераторлар мен шетелдік қонақтарды таныстырды.

 

Конференцияның алғашқы модераторы Айгерім Көшербаева, кезегімен келесі модераторлар: Doctorate(Dr/Ph.D.) career development in Indonesia facing industry 4.0 Moch. Bruri Triyono Universitas Negeri Yogyakarta, Мәскеу қаласындағы Стратегиялық зерттеу институтының директоры Вачкова Светлана және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Оспан Сангилбаев, Ботагүл Тұрғынбаева, Марфуға Абсатова, Талғат Тажибаев, Ардақ Калимолдаева, Турархан Жундибаева, Жанар Ибрагимова, Гулсара Тәженова, Құндыз Утеева, Жайна Қасымова және т.б.

 

Институттың басқа да кафедра мүшелері Улбосын Қияқбаева, Қорлан Жампейісова, Ақсауле Манкеш, Гүлмира Момбиева, Мағрипа Ибраева, Айнұр Садреймова мен педагогика және психология кафедрасының​ 1-3 курс докторанттарымен, магистранттары қатысты.

 

Вебинар модераторларына өздерінің сұрақтарын қойып, қанағаттаналық жауап алды. 2 жарым сағатқа созылған вебинар - конференция мағыналы, тартымды, өте қызықты, көңілді, жылы өтті.

 

   

 

   

 

       

 

 




Кері оралу