Педагогика және психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика және психология кафедрасы / Жаңалықтар
12.05.2020
«Заманауи педагог-психолог қандай болуы қажет?» эссе байқауының нәтижелері
2020 жылдың 20-30 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи педагог-психолог қандай болуы қажет?» - «Кто такой современный педагог - психолог?» тақырыбында эссе байқауы болып өтіп, байқау нәтижелері жарияланылды.
Байқау студенттердің болашақ кәсіби қызметтері, рухани даму жайында көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ олардың өзін - өзі танытуы және ғылыми - зерттеу жүргізу қабілеттерін дамыту үшін қолайлы ортаны құруға бағытталды.
Байқауды қорытындылау үшін сараптамалық комиссия құрамы бекітілді: псих.ғ.к., доцент Сарсембаева Л.О., аға оқытушылар Таженова Г.С. мен Утеева Қ.Ж., Қазыбаева А.Т.
Байқауға «Педагогика және психология» мамандығының 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші курс бакалавриат студенттерінен 53 студент жұмысы түсіп, комиссия құрамымен қарастырылып, тексерілді. Сараптамалық комиссия байқау талаптарында сипатталған, байқаудың орындары бойынша жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар тізімі келесідей: 1 орын - Нұрсадық Мөлдір, ПиП-1 курс 3 жылдық тобының студенті;
Үздік эссе жазу байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орындар иеленген жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаздарға білім алу жолында сәттілік тілейміз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|