қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2020

«Уақыт талабына сай сын-қатерлер кезеңінде психологиялық-педагогикалық білім беру» вебинары


2020 жылы 27 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология кафедрасы «Педагогика және психология» тренингіндегі жоба тобы ZOOM платформасында «Уақыт талабына сай сын-қатерлер кезеңінде психологиялық-педагогикалық білім беру» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.


Вебинардың мақсаты - төтенше жағдайлар (карантин) кезіндегі онлайн режимінде оқытудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін талқылау.


Вебинарға профессорлар, доценттер, педагогика және психология саласындағы жетекші сарапшылар, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты. Сонымен бірге Қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Е.А. Бөкетов атындағы КМУ, ТарМПУ, ОҚМПУ және т.б.


Онлайн-кездесуді Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, жоба жетекшісі Әйгерім Көшербаева ашты. Жобаның әкімшісі Гүлнәр Айжанова (Абай атындағы ҚазҰПУ); Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің білім беру факультетінің деканы Амангелді Иманов; Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық кафедрасының меңгерушісі Наталья Мирза; ТарМПУ педагогика және практикалық психология кафедрасының меңгерушісі Клара Сматова; ОҚМПУ психология кафедрасының меңгерушісі Ардақ Әліпбек; Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейінің директоры Ерұлан Жиенбаев; Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанты Жайна Бейсенбаева баяндама жасады.


Талқылау барысында вебинар қатысушылары онлайн-оқытуды ұйымдастыруға қызықты ұсыныстар енгізді. Семинар қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

 

   

 

   




Кері оралу