қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2020

Қашықтықтан оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану тәжірибесі

 

2020 жылдың 31 наурызында профессор Марфуға Абсатова бекітілген кестеге сәйкес Педагогика және психология институты «6В011 (3ж)-Педагогика және психология» мамандығының 1-ші курс студенттерімен Zoom бағдарламасы арқылы вебинар өткізді.

 

Вебинар «Педагог-психологтың кәсіби қызметінің нормативтік -құқықтық базасы» пәні аясында «Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері» тақырыбында өтті. Вебинар алдында студенттерге жоспарланған жиналысқа сілтеме ұсынылды.

Іс-шараға 18 студент қатысты. Вебинар барысындағы тапсырмалардың бірі тақырыптың негізгі мазмұнын ашып, болашақ педагог-психологтарды оқытудың бірлескен әрекетін ұйымдастыруға талпыну болды. Осы міндетті шешуде вебинар-дәрісте «Миға шабуыл», «Жетіспейтін сөзді табыңыз», «Борт журналы» және вебинар бойынша кері байланысты орнату жүзеге асырылды.

 

Вебинарда білім алушылардың белсенді әрекетін, еркін өз пікірлерімен, көзқарастарымен бөліскенін байқауға болады.

 

Вебинар нәтижесінде білім алшылардың «Борт журналы» тапсырмасын орындауы бойынша тиісті баллдары қойылды.

 

 




Кері оралу