«Жәндіктер-біздің айналамызда» атты көрме өтті
2019 жылы қазан айының 3-ші жұлдызында Жаратылыстану және география институты, Биология кафедрасы зоология пәнінің профессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жәндіктер-біздің айналамызда» кафедра меңгерушісі, қауымдастық профессоры М.Б.Жақсыбаев, б.ғ.к., доценттер: К.И.Батырова, Б.К.Есимов, аға оқытушылар: Д.У.Сексенова, А.Д.Майматаева, Р.У.Саимова, оқытушылар: Э.Қауынбаева М.А.Башенова, А.С.Иманғазы көрме өткізді.
Көрмеде 2 курс «5В011300 - биология», «5В060700 -биология» мамандығының студенттері өздерінің жасаған топтамаларын көрсетті. Іс-шараға 80-нен астам 2 курс «5В011300 - биология», «5В060700 -биология» мамандығының қазақ, орыс, ағылшын тобының студенттері мен №159 және №12 мектеп гимназиясының оқушылары қатысты.
Көрме келесі номинациялар бойынша өтті:
- Ең үздік жәндіктер топтамасы;
- Жәндіктердің ғажайып әлемі туралы макет;
- Жәндіктердің алуан түрлілігінің альбомын жасау.
Студенттер көрмеге белсене қатысты. Көрмеде қазылар алқасы құрамында Алматы қаласы ҚР БжҒМ зоология институтының бас маманы Есенбекова Перизат Әбдіқайырқызы, Алматы хайуанаттар бағынан келген арнайы маман Рахимова Ақжамил, ҚазҰПҚУ биология кафедрасының доценті Айтжанова Мира Онланбекқызы, №159 мектеп гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Оспанбек Толқын болды.
Қорытындылау кезінде «Ең үздік жәндіктер топтамасы» бойынша «5В011300-биология» мамандығының ағылшын бөлімінің 2/1 топша студенттерінің жұмыстары, «Жәндіктердің ғажайып әлемі туралы макет» бойынша «5В060700-биология» мамандығының қазақ бөлімінің 1 топ студенттерінің жұмыстары, «Жәндіктердің алуан түрлілігінің альбомын жасау» бойынша «5В011300-биология», «5В060700»-биология мамандығының орыс бөлімінің студенттерінің жұмыстары ерекше деп бағаланды.
Екінші орынды «5В011300-биология» мамандығының қазақ бөлімінің 2 тобы және «5В011300-биология» мамандығының ағылшын бөлімінің 1/2 шағын тобының студенттері, ал үшінші орынды «5В011300-биология» мамандығының қазақ бөлімінің 1, 3 тобы және «5В011300-биология» мамандығының ағылшын бөлімінің 1/1, 2/2 шағын топтары мен «5В060700-биология» мамандығының қазақ бөлімінің 2 топ студенттері иеленді.
Көрме соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді.
Бұл іс-шарамыздың мақсаты - студенттер мен оқушыларды табиғатты сүюге, жануарларға деген жанашырлық сезімдерін ояту мен оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу болып табылады.
Топтамаларды жасай отырып студенттер жәндіктердің тіршілік ету ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, ең бастысы болашақта кәсіби мамандықтарына қолдануға дағдыланды деген сенімдеміз.