«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
31.05.2019
«Балғын балалар - біздің болашағымыз» тақырыбындағы пікір - сайыс
29 мамырда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Балғын балалар -біздің болашағымыз» тақырыбында пікір - сайыс болып өтті.
Сайыс барысында қатысушы студенттер «Мейірім» және «Аялы алақан» топтарына бөлініп, қоғамда болып жатқан балаларды қорғау бойынша өзекті мәселелерді қозғады. Студенттер сайыс кезінде «Бар мейіріміміз - баламызға» деген сөздің мағынасын ашып, өздерінің балалық шақтарының қазіргі балалардың балалық шақтарынан айырмашылықтарын көрсетті, оның ішінде қазіргі заман балаларының белсенділіктерінің төмендігі, гиподинамия, түрлі гаджеттерге қызығушылықтары туралы атап айтты. Сондай - ақ, студенттер «Ұрпақ сүю» деген сөздің мағынасы қаншалықты жауапкершілікті қажет ететіні туралы өз ойларын жеткізіп, тартысты пікір сайыс болды.
Іс - шараға Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурлан Манапов, профессор Амантай Кунакбаев, аға оқытушы Шолпан Шыныбекова, оқытушылар Айгерім Асқарова, Маржан Башенова қатысып, сайыс соңында аталған іс - шараның бүгінгі қоғамдағы маңыздылығының жоғары екенін атап өтіп, қатысушы студент жастарға «ұрпақ сүю», «бала тәрбиелеу» т.б. мәселелері бойынша өз пікірлерімен алмасты.
Сайыс «Биология» кафедрасының оқытушылары Эльмира Кауымбаева және Жазира Жарылқасынованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|