қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2019

Студенттердің Академиялық адалдық кодексі

 

Жаратылыстану және география институтының Биология кафедрасында 18 эдвайзер бар. Барлық эдвайзерлер өз топтарымен «Академиялық адалдық» кодексі, академиялық адалдықты сақтау ережелері (әрі қарай - Ереже) туралы тәрбие сағаттарын өткізді.

 

Тәрбие сағатында студенттердің жеке басының адалдығы мен білім алу жауапкершілігін арттыратын, оқу үрдісіндегі құндылықтар жиынтығы және студенттердің мінез-құлық принциптерін университет қабырғасында ұстануға тиісті тәртіп қағидаларын жете түсіндіріп оны растайтын хаттама, фото суреттер мен видеоларға түсіріп, осы ереженің мақсатын ұстануға шақырды.

 

Топта әр эдвайзер оқу жылына арналған «Академиялық адалдық» кодексін талқылап, мынандай мәселер қарастырылды: жалпы ережелер, анықтамалар, академиялық адалдық қағидаттары, академиялық адалдықтың мақсаты мен міндеттері, академиялық әділетсіздік түрлері, академиялық адалдық саясатын бұзушылыққа қарсы қолданатын жазалар мен тәртіп шаралары, академиялық адалдық саясатын бұзушылықтың алдын алу. Сонымен бірге, студенттер алдағы уақыттағы болатын аралық бақылау мен емтихан кезіндегінегізгі міндеттерге тоқталып өтті: жалған баға, құпия келісім, жауапты көшіру, т.б жағдайларды болдырмау керектігін, ал аталған жайыттар орын алған жағдайда студенттке оқудан шығару туралы шешім қабылдануы мүмкін екендігін ескерте кетті.

 

Студенттердің Академиялық адалдық кодексі


   

 

  




Кері оралу