қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2019

Құстар күніне арналған «Экологиялық соқпақ» конкурсы

 

Жыл сайын халықаралық құстар күнін көптеген мемлекеттер атап өтеді. Осымен байланыста, Жаратылыстану және география институтының студенттері де «Биология» кафедрасының зоолог мамандарының ұйымдастыруымен 5 сәуірде құстар күніне арналған «Экологиялық соқпақ» тақырыбында конкурс өткізді.


Іс-шараға 200-ден астам «Биология» мамандығының 1-2 курс студенттері және ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын Шымкент, Ақтөбе қаласынан келген студенттер д қатысты.


Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті:

- Ең үздік құс ұясы конкурсы;
- Құс жұмыртқалары топтамасының конкурсы;
- Үздік тақырыптағы газеттер конкурсы.

 

Студенттер сайысқа белсенді қатысты. Қазылар алқасы құрамында «Биология» мамандығының 3-4 курс студенттері және Алматы хайуанаттар бағынан келген арнайы маман А. Рахимова болды.

 

Қорытынды шығару кезінде ең үздік экспозиция қараторғай, түйеқұс құстарының ұяларынан, сондай-ақ құс жұмыртқаларының топтамасынан 1 курс (ағылшын тобы) 2 топша студенттерінің жұмыстары ерекше болды.

 

Екінші орынды 1 курс орыс бөлімінің студенттері иеленді, олар ұя композициясын ұсынды. Ал үшінші орынды 2 курс қазақ бөлімінің студенттері алды. Олар тек топтамамен ғана емес, сонымен қатар газеттің мазмұны жағынан да ерекшеленді.

 

Қазылар алқасы Алматы хайуанаттар бағынан бас жүлдені жеңіп алған 2 курс орыс бөлімінің студенттерінің көрмесін ерекше атап өтті.

 

Конкурсқа қатысқан барлық 18 топтардың студенттерін атап өткіміз келеді, әсіресе ерекше ұяшықтардың экспозициясын ұсынған 2 курс ағылшын тобының студенттері және 2 курс қазақ бөлімінің студенттері тек ұяшықтар топтамасынан ғана емес, сонымен қатар тақырыптық газеттерден де ерекшеленді.

 

Ұтқырлық бағдарламасы бойынша Шымкент қаласынан келген студенттердің де топтамалары арнайы сый-сияпатқа ие болды.


Сайыс соңында жеңімпаздарымызды анықтап, сыйлықтар берілді.

 

Бүгінгі құстар күніне арналған іс-шарамыздың мақсаты студенттерді табиғатты сүюге, құстарды аялауға және құстарға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

 

Топтамаларды жасай отырып, студенттер құстардың тіршілік ету ерекшеліктерін біліп, ең бастысы кәсіби қызметте қолдануға болатын дағдыларды меңгерді деген сенімдеміз.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу