қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2019

«Денсаулық - 2019» спартакиадасы


2019 жылдың 10 қаңтарынан 12 қаңтарына дейін салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген ұжымның қызығушылығын арттыру мақсатында Университетте «Денсаулық -2019» спартакиадасы өтті. Спартакиадада волейбол, үстел теннисі, шахмат, мини-футбол, коньки тебу, шаңғымен жүгіру секілді спорт түрлерінен жарыс өтті. Университеттің 500-ге жуық профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері спорт жарыстарына қатысты.

 

«Биология» кафедрасынан спорт күніне кафедра меңгерушісі, қауым.профессор Мұрат Жақсыбаев, доцент, оқытушылар Куандык Мусаев, Назым Бекенова, б.ғ.к. Дина Кулжанова, аға оқытушылар Ерлан Бірталаев, Думан Байжигитов, магистр., аға оқытушы Асия Қайнарбаева және оқытушылар Рустам Аманжолов, Әйгерім Аскарова, Жазира Жарылқасынова, Толғанай Алтынбек, Маржан Башенова, Айжанат Ахметова қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Жаратылыстану және география институтының құрама командасы шаңғы жарысы және арқан тарту бойынша ІІ орындарды иеленді.

 

   

 

   

 

    




Кері оралу