«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
06.11.2024
«Білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың түрлері мен әдістері» 2024 жылдың 4 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының профессоры Қалампыр Жумагулованың ұйымдастыруымен «Білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың түрлері мен әдістері» тақырыбында оқу - әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинар спикері «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Гульнар Сулейменова болды. Оқу-әдістемелік семинарға география кафедрасының профессорлары Бахадурхан Абдиманапов, Шолпан Карбаева, аға оқытушы Альбина Бейкитова, биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, доцент Назым Бекенова, PhD Рита Саимова, Толганай Секерова, аға оқытушы Гүлжанат Камиева «7M01513-Биология» және «6B01513-Биология» мамандығының білім алушылары қатысты.
Спикер семинарда бағалау туралы ойлар, бағалау түрлері, жаратылыстану пәні бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері: бұл неге маңызды? - атты мәліметтермен бөлісті.
Семинар барысында магистранттар «Padlet» виртуалды тақтасында тапсырмалар орындады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|