«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
23.10.2024
«PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» семинары 2024 жылдың 14 қазанында Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы: Жумагулова Калампыр, Майматаева Асия, Аманбаева Махаббат және 3 курс «8D01513- Биология» БББ докторанты Бақытгүл Асылбекова мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландырылатын,18 қазан 2022 жылғы 235/30-22-24 келісім-шартына сәйкес ЖТН АР14872059 «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы жоба бойынша Шымкент қаласында семинар жүргізді.
Семинарға Шымкент қаласының С. Рақымов атындағы №53 жалпы білім беретін мектеп директоры Р.К. Күндебаева, №47 мектеп-гимназия директоры А.С.Умарова, мектеп ұжымы және 8-10 сынып оқушылары қатысты. Семинарда жоба аясында жарияланған «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалары» оқу құралы, «Қазақстан республикасы мектептерінде жаратылыс-ғылыми сауаттылығын көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері» монографиясы таныстырылып, жаратылыстану пәндері бойынша оқу үдерісіне ендіру мүмкіндіктеріне талдау жасалынды. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|