қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2024

Алматы қаласының «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы үздік кабинет - 2024» пәндік кабинеттер қалалық конкурсының қорытындысы

 

2024 жылдың 20 наурызында Жаратылыстану және география институтының «Биология» кафедрасында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы үздік кабинет - 2024» қалалық конкурсының қорытындысы өтті.

 

Конкурс Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері мен биология кафедрасының оқытушылары К.И.Батырова, Н.А.Бекенова, Ш.С.Шыныбекова, Г.С.Камиева қаланың жалпы білім беру мекемелерімен оқу-әдістемелік байланысты жетілдіру шеңберінде ұйымдастырды.

 

Конкурстың мақсаты - жалпы орта білім беру пәндік кабинеттерінің қызметін өзектендіру, STEM/STEAM технологияларын қолдану, талантты пән мұғалімдерін анықтау және қолдау.

 

Іс-шара барысында үздік кабинеттердің мұғалімдері I, II, III - дәрежелі дипломдармен және конкурсы ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының мүшелері құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Конкурсқа қатысушылар одан әрі ынтымақтастыққа алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу