қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2023

Биология кафедрасының магистрантының «Дәнекер ұлпасы» тақырыбына өткізген ашық сабағы

 

2023 жылдың 2 қарашасында Жаратылыстану және география институты «7М01513-Биология» мамандығының 2 курс магистранты Анарбек Ұлжан педагогикалық практика аясында «Дәнекер ұлпасы» тақырыбында ашық сабақ  өткізді. Сабаққа аталған мамандықтың 1 курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты. Ұлжан Анарбек ауқымды баяндама жасап, студенттерді білім берудің негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырды. Сабақ барысында дидактикалық ойындар ойнатылды. Атап айтқанда, «Ашық есік» топтық ойыны, ойында студенттерге топтық жұмыс берілді. Студенттер бірігіп, дәрістерде алған білімдерін және ғылыми зерттеулерін көрсетті. Қазіргі білім мен ғылымдағы жаңа бағыт STEM-технологиялар бойынша жүргізіледі. Сондықтан, студенттер өздерінің академиялық және теориялық жаңалықтарын топтық жұмыс кезінде дамитын нақты өмір контекстінде жүзеге асыруы керек болды.


«Бинго лотореясы» жеке сұрақ-жауап ойыны және миға шабуыл жасау мақсатында «Тарсия ойыны» ойнатылды. Бұл ойындар студенттің белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, «жасырынып» жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болуына ықпал етеді. Студент негізгі ұғымдарды еске сақтап, білім сапасы жақсара түседі, өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, бір-біріне қолдау көрсетеді, топта жұмыс жасай білуге дағдыланады, мәселеге сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік алады.

 

Сабақ соңында студенттер туындаған сұрақтарына жауаптарын алды және осындай ашық сабақтарлы жиі өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу