«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
07.06.2023
Назарбаев университетінде ғылыми тағылымдама
Абай университеті мен Назарбаев университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Жаратылыстану және география институтындағы «Биология» кафедрасының 4 оқытушысы: профессор З.Б.Тұңғышбаева, аға оқытушылар Д.Қ. Құлжанова, Т.Н. Нуркенов, Г.К.Ташенова Назарбаев университетіндегі Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасында бір апта (29.05-03.06.2023 ж.) білімді жетілдіру курсынан өтті. Алғашқы күні (29.05.23 ж.) НУ зертханаларын аралатып, ондағы қолданылатын заманауи ғылыми зерттеу жұмысына арналған құрал-жабдықтар туралы мәліметтермен, жұмыс істеу ережелерімен және биоинженерия зертханасының ғылыми жобаларымен таныстырды. Екінші күні «Заманауи микроскопиялық әдістерді қолдану бойынша эукариоттық жасушаларын культивациялау негіздері» тақырыбында дәріс (30.05.23 ж.) оқылды. Практикалық сабақтарда сол әдістерді қолданып, келесі зертханалық жұмыстарды жүргізді: Зертханалық жануарлардың сүйек кемігі және май ұлпаларынан мезенхималық бағаналы жасушаларды бөліп алу әдісін қолдана отырып, тышқанға тәжірибе жасады (31.05.23 ж.). Тәжірибе болғаннан кейін осы тақырыпқа байланысты дәріс оқылды. Иммунофлюоресцентті микроскопиялық әдіспен танысты (01.06.23 ж.). Ядро мен актині боялған жасушаны микроскоп арқылы бақылады. Гистохимиялық зерттеу әдістерін қолданып, препараттарды бояу жұмысын жасады (02.06.23 ж.). Массон-Трихром бояуы Sigma-Aldrich-HT15_1KT наборы қолданылады. А ерітіндісін дайындап, бөлімдерді парафинсіздендіру әдісі меңгерілді. Вейгерт темір гематоксилинімен (гем А + гем В) бірдей көлемде алу немесе Эрлихпен 5 - минут бойы бояу әдісі жасалды. Сусыздандыру, гематоксилин - эозин бояу, муцикарминмен бояу әдістері меңгерілді.
Сонымен, ғылыми жобаларда Назарбаев университетінде меңгерген заманауи молекулалық және жасушалық биология әдістерін қолдануға болады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|