қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2022

«Дене салмағының индексі мен семіздіктің алдын алу» семинар-тренингі


2022 жылғы 3 қарашада Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының профессорлары А.С.Кунакбаев, А.М.Бабашев, доцент Г.Ш.Татаринова, аға оқытушылар Г.К.Ташенова, Н.И.Отарова және оқытушы Ж.М.Жарылқасынованың ұйымдастыруымен «Дене салмағының индексі мен семіздіктің алдын алу» тақырыбында білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында онлайн форматта семинар-тренинг болып өтті.


Іс-шараға ЖГИ, ППИ және ТҚИ 1 курс студенттері қатысты. Артық салмақ Қазақстандағы денсаулық сақтау үшін маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Республикада 5 миллионнан астам адамның артық салмағы немесе семіздігі бар. Балалар арасында семіздіктің таралуы ерекше алаңдаушылық тудырады. Балалық семіздік ересектердегі семіздіктің маңызды болжамды факторы болып табылады. Ұйымдастырушылар артық салмақтың алдын алу туралы құнды мәліметтер берді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу