қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2022

«Алкогольді асыра пайдаланудың салдары және олардың алдын алу» конференциясы

 

2022 жылдың 26 қазанында Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының профессорлары А.С.Кунакбаев, А.М.Бабашев, доцент Г.Ш.Татаринова, аға оқытушылар Г.К.Ташенова, Н.И.Отарова және оқытушы Ж.М.Жарылқасынованың ұйымдастыруымен «Алкогольді асыра пайдаланудың салдары және олардың алдын алу» тақырыбында онлайн форматта конференция болып өтті. Іс-шара білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.


Іс-шараға ЖГИ, ППИ және ТҚИ институттарының 100-ден аса 1 курс студенттері қатысты. Ұйымдастырушылар ішімдіктің адам ағзасына тигізетін әсері, зардабы туралы мәліметтер берді, алдын алу шараларын түсіндірді. Іс-шара барысында алкогольді асыра пайдаланудың ауыр зардаптары туралы бейнеролик көрсетілді. Бұл күрделі мәселені шешуде стресстің, отбасының, тәрбиешілердің рөлі анықталды. Білім алушылар тықырып бойынша туындаған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу