қазақша · русский · english
 
 
 
12.03.2021

Ашық ғылым, Ашық инновация саясатына жұмыс моделі» онлайн-дәрісі

 

2021 жылы 12 наурызда Торонто университеті (Канада) медицина факультетінің PhD аға ғылыми қызметкері Алмагүл Сеитова ««Ашық ғылым, Ашық инновация саясатына жұмыс моделі» тақырыбында оқытушылар, магистранттар мен студенттерге арналған онлайн ғылыми-семинар өткізді.

 

Аталған іс-шара барысында құрылымдық геномдық консорциумда орындалған зерттеу нәтижелері және биология ғылымының қазіргі тенденциялары бойынша мәселелер талқыланады.

 

Екі сағатқа созылған іс-шара қатысушылары аса қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сауалдарға толыққанды жауап алды.

 

Биология білім бөлімінің магистранттары және студенттері ғалым А.Сеитоваға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта да халқаралық тәжірибелер мысалында зерттеу нәтижелерімен пікр алмасуды асыға күтетіндігін жеткізді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу