қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2020

«Биологиялық білім беру бағытындағы ғылыми зерттеулердің әдінамасы» Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің докторанттарына арналған ғылыми-әдістемелік семинар

 

2020 жылдың 11 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Биология» кафедрасының профессоры Шілдебаев Ж.Б. пен доценті Жұмағұлова Қ.Ә. ұйымдастыруымен Zoom платформасында «Биологиялық білім беру бағытындағы ғылыми зерттеулердің әдінамасы» Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің докторанттарына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Конференцияға «Биология» кафедрасының оқытушылары мен 1-2 курс докторанттары қатысты.

 

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты докторанттар арасында ғылыми зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру. Сонымен қатар, білім биологиясы саласындағы қазіргі ғылыми тенденциялар мен әдістемелерге шолу.

 

Ғылыми-әдістемелік семинардың бағдарламасы бойынша Ж.Б. Шілдебаев - «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша экологиялық білім мен тәрбиеберу мәселелері»; Қ.Ә. Жұмағұлова - «Ғылыми зерттеу әдіснәмасы мен әдістемесі. Ғылыми зерттеудің логикалық құрылымы» тақырыптарында баяндама жасалып, өзекті мәселелер докторанттар арасында талқыланды.

 

   

 

   




Кері оралу