қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2020

4-ші курс студенттерінің педпрактикасының қорытынды онлайн-конференциясы

 

2020 жылы 21 сәуірде Жаратылыстану және география институтының 4-ші курс «Биология» мамандығы студенттерінің педпрактикасының қорытынды онлайн-конференциясы болып өтті. Педагогикалық практика Алматы қаласының базалық №№ 2, 19, 28, 30, 84, 92, 98, 124, 136, 143, 147, 148, 168, 167 мектептерінде 2019 жылдың 16-ші қыркүйегінен 2020 жылдың 20-ші сәуіріне дейінгі аралықта өтті.

 

Онлайн-конференцияға қатысушы студенттер сабақтан және сабақтан тыс шараларды ұйымдастырудағы тәжірибелерімен, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Биология сабақтарында қолданған педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдері, Kundelik.kz жүйесінің ерекшеліктері мен өздерін мектептің мұғалімдер құрамына қалай қабылданғаны, бейімделуі, әріптестерімен қарым-қатынас кезеңі қалай өткендігі туралы әңгімеледі. Студенттер биология кафедрасының әдіскерлері мен мектептің тәжірибе жетекшілерінің қолдауы өте маңызды болғанындығын атап өтті.

 

   

 

   




Кері оралу