қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2020

Биология кафедрасы онлайн режимінде кафедра мәжілісін өткізді

 

2020 жылдың 3 сәуірінде елімізде корановирус індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланғандықтан, Жаратылыстану және география институты «Биология» кафедрасының кезекті отырысы онлайн режимде болып өтті.

 

Мәжілісті кафедра меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: қашықтан оқыту технологиясының маңызды мәселелері. Жазғы сессия ауызша және жазбаша емтихандарды тест түріне ауыстырылатыны туралы айтылды. Соған байланысты тест сұрақтарын дайындап, өз мерзімінде тест орталығына өткізу керекті туралы айтылды. Эдвайзерлер топ студенттерімен және шет елдік студенттермен үнемі байланыста болып, интернет жүйесіне қосылуы мен компьютерге қол жетімділігі туралы қадағалап отырылуы тапсырылды. Дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды қорғау онлайн режимде өткізілуі мүмкін деген мәселелер сөз болды.

 

Барлық мәселелерге қатысты кафедра отырысының шешімдері қабылданды.

 

      

 

 

 

 




Кері оралу