қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2020

«Кім жүйрік» интеллектуалдық сайысы


2020 жылдың 19 ақпанында Жаратылыстану және география институтының №2 студенттер үйінде биология кафедрасының аға оқытушысы Дана Сексенова мен «5В011300-Биология» мамандығының 2-ші курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Кім жүйрік» интеллектуалдық сайысы өтті.

 

Жарыс 4 кезеңнен тұрып, студенттердің алғырлығы сынға түсті. Қазылар алқасының құрамында институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, биология кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Шыныбекова, оқытушы Эльмира Қауынбаева мен №2 жатақхана меңгерушісі Гүлжан Искакова болды. Тартысқа толы сайысқа «Сұңқар», «Тарлан», «Қыран» топтары қатысып, сайыс нәтижесі бойынша «Тарлан» тобы 1-орынға ие болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу