қазақша · русский · english
   

Кафедрада ай сайын теориялық-әдістемелік семинар өтеді (жетекшісі философия ғылымдарының докторы профессор А.И.Артемьев).
Кафедралық ғылыми семинар мәжілісінде кафедраның ПОҚ өміршындығын ғылыми тұрғыдан танудың теориялық методологиялық мәселелерін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тәрбие берудің өзекті мәселелерін, мысалы- Қазіргі әлемдегі этникалық қатынастың өзекті мәселелері, заманауи тұлғаның радиоционалды ой-пікірін қалыптастырудағы позитивті емес философияның алатын орны, Ақпараттық қоғам қалыптасу жағдайындағы индивид мәдениеті, жасөспірімдердің девиантты қылықтарының себептері мен салдары, елімізде және басқа да елдердегі жүкті жасөспірімдердің қатарының артуына байланысты мәселелерді талқылайды. Кафедраның ПОҚ университеттің қоғамдық өміріне және республикалық газет беттерінде және радио, телеарналарда публицистикалық материялдар жариялау арқылы қатысып отырады. Мысалы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Қалдыбаева 2013 жылдың наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ, Барнаул мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік университеті және Рысқұлов атындағы Экономика университеттері өткізген адамзат дамуы және қазіргі ғылымның өзекті мәселелері бойынша «Onlaine-семинарға» қатысты, 2014 жылы Қызылорда педагогикалық институтының қатысуымен өткізілген жиында білім мен тәрбие беру мәселесі бойынша; ҚР ҰҒА экономика институтының зейнетақы реформасы және Қазақстандық қоғамның жастары үшін осы реформаның әлеуметтік салдарын ескеру қажеттілігі туралы пікірлер айтылған дөңгелек үстел мәжілісінде баяндама жасады. Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар Академиясының мәжілісіне қатысып, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту мәселелерін талқылауға атсалысты, жетекші ғылыми-педагогтардың жиналысына қатысып, мұнда бастауыш білім беру мемлекеттік стандартының мәселелерін қарастырды, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жұмыстар және әлеуметтану кафедрасының «Гендерлік қатынастар және отбасы институтын сақтаудың мәселелері» бойынша дөңгелек үстел мәжілісіне және т.б., қатысты.
Философия ғылымдарының докторы доцент Сатершинов Б.М., 2013 жылдың наурыз айында ҚазМемҚызПУ-дегі «Әйел және дін халықаралық форумында баяндама жасады, осы жылдың ақпан айында Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнография факультеті студенттерінің алдында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелде дәріс оқыды. Сондай-ақ осы жылда «Орталық Азиядағы терроризм: аңыз және ақиқат» (ҚРБҒМ дінтану және саясаттану, философия институтының мемлекетаралық іс-шарасы 2013жылдың мамыр айында «Діннің қазіргі әлемге ықпалы» конференциясында баяндама жасады.