қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2022

Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасы жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді


2022 жылғы 20 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасы университетте құрылған заң факультетінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазіргі кезеңдегі құқық, экономика және білім берудің өзекті мәселелері: теория және тәжірибе» тақырыбында жыл сайынғы Оныншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Іс-шараға практиктер мен теоретиктер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.


Белгілі ғалымдар Айтхожин К.К., Бусурманов Ж.Д., Куандыков К.Ж. заң факультетінің құрылу тарихына тоқталды. 1992 жылы осы факультетті құрған ҚР ҒА академигі Г.С. Сапарғалиев шәкірттері келіп, құттықтады. 30 жылдық тарихы бар заң факультетінің түлектері қазіргі күні құқық қорғау органдары мен ғылым мен білім саласында қызмет атқарып жатқан, Заң факультетінің түлектері атынан Г.С.Дулатов, Б.Ж.Қуандықов, Г.Д.Тайгамитовтер келіп, құттықтау сөз сөйледі.