Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
18.04.2022 «Өз болашағыңды таңда!» сауалнама
2022 жылдың 4-14 сәуір аралығындағы өткен Ғылымның онкүндігі аясында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Жазира Қуанышбаева және Құралай Кантаеваның ұйымдастыруымен 3 курс «Дінтану-саясат» мамандығының студенттері «Өз болашағыңды таңда!» тақырыбында сауалнама арқылы зерттеу жүргізді. Жаңа Қазақстан - Жаңа бағдар қалыптастыруда Алматы қаласының тұрғындарының көзқарастарын саралап, зерттеу нәтижелеріндегі негізгі мәселерді талқылады. Қоғамдық пікірді талдау арқылы студенттер болашағын қоғамдағы әлеуметтік-саяси жағдайлармен байланыстара отырып таңдау жасау керектігін терең түсініп, ғылыми-кәсіби танымдарын шыңдады.
|