қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.04.2022

Студенттер сақ-үйсін қорғандарын тамашалады

 

2022 жылғы 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен университет студенттеріне «Өркениеттер әлемі» Боралдай сақ қорғандары археологиялық кешеніне танымдық экскурсиясы өтті.

 

Ашық аспан астындағы археологиялық паркке саяхат «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі географиясы» жобасымен ұйымдастырылды.

 

Танымдық экспедицияның мақсаты - шалғай аймақтардан келген білім алушылардың қасиетті орындарға рухани танымдары мен ағартушылық ізденістерін күшейтіп, мамандану қабілеттеріне бейімдеу, аймақтың тамыры терең тарихына насихаттау болды.

 

Боралдай сақ қорғандары - Алматы қаласы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген алты ескерткіштің бірі. 47 сақ қорғаны және 200 үйсін обаларынан тұратын археологиялық кешен Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталған тарихымен екі жарым мың жылдан асып жығылатын жалғыз ескерткіш - Алатау ауданында, Үлкен Алматы мен Боралдай өзендерінің арасында орналасқан.

 

Бірегей нысанның отандық тарихы, антропологиясы, археологиясы, топонимикасы және этнографиясымен танысуға университеттің 60 жуық студенті арнайы автобуспен тасымалданды.

 

Жоба Мәдени ынтымақтастық келісімі негізінде Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Білім алушы студенттер соның арқасында тегін кіру билеті мен арнайы экскурсиямен қамтылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі