|
| |
Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы кафедрасы
Кафедраның негізгі іс-қызметі педагогикалық бағыттағы және жаратылыстану-ғылыми бағытындағы 5В011300 - «биология», 5В060700 - «биология», 5В011200 - химия мамандықтары бойынша болашақ ұстаздарды дайындауға қатысады. Кафедра жалпы өсімдіктер физиологиясы, биохимия, микробиология, қолданбалы биология және топырақтану негіздері, молекулалық биология, биофизика, қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау, өсімдіктер және жануарлар экологиясы, эволюциялық ілім, экологияны оқыту әдістемесі, ақаба суларды экологиялық тазарту бағытындағы пәндердің теориялық негіздерін оқып-үйретуге және аталған пәндер бойынша оқу дала практикаларын өткізуге маманданған. Кафедрада оқытушылар, ізденушілер, магистранттар және студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізетін «Өсімдіктер физиологиясы», «Биохимия», «Микробиология», «Эволюциялық ілім», «Қолданбалы биология және топырақтану негіздерінен» зертханалары жұмыс істейді. Кафедрада 5В011300-биология, 5В060700-биология мамандықтары мен мамандандырылулары бойынша дәріс оқылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы осы мамандық студенттерімен оқу-тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар жүргізеді.
Өсімдіктер физиологиясы және биохимия кафедрасы профессор-оқытушылардың сапалық құрамы Кафедрада штатта жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 15 Ғылым докторы, профессор - 1 ҚазҰПУ профессоры, ғылым кандидаты -2 Доценттер, ғылым кандидаттары - 3 Аға оқытушы, ғылым кандидаттары - 2 Аға оқытушылар - 5, соның ішінде биология магистрі -1 Оқытушылар - 2, соның ішінде биология магистрі - 1 ПОҚ ғылыми дәрежесі және атағы барларының үлесі -49%.
|