|
| |
Қауымдастықтың мақсаты - университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату жолында әрекеттесуге ұмтылып, басқа түлектермен тәжірибе алмасу, университеттің дамуына бағытталған түрлі іс-шаралар мен түрлі бағдарламалар арқылы байланыстарын қамтамасыз ету болып табылады.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері: - университетті халықаралық білім, ғылым және мәдениет орталығы ретінде дамыту; - қоғамды университеттік білімнің құндылықтарын тарату, интелегенттік, адамгершілік, жанашырлық пен толеранттылық рухты күшейту; - барлық түлектердің университетпен жеке байланысын, өзара көмек пен қызметтестікті күшейтуін нығайту.
Қауымдастықтың негізгі қызметі: - унивеситетті әлеуметтік және экономикалық жағынан нығайтуға, материалдық-техникалық базасын күшейтуге және оны ұйымдастыруға интеллектуалдық, шығармашылық күшін біріктіру; - университет түлектерінің кездесулерін, іскерлік басқосуларын, баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырып тұру; - отандық және шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қаржысы, демеушілік көмек, грант және басқа да көмектер көрсету; - университет басшылығына университеттің құрметті белгілерімен, атақтарымен марапаттау үшін ұсыныстар беру.
|