Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
14.04.2022 «Үздік ғылыми жоба» конкурсы
Конкурс модераторы - «Физика» кафедрасының қауым. профессоры, ф.-м. ғ. к. Рыстыгулова В.Б. Әділ-қазылар алқасы - МФИ институты директорының міндетін атқарушы Хамраев Ш.И.; институт директорының ғылым және халықаралық байланыс қызметі бойынша орынбасары Уалиев З.Г., «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Сүгірбекова А.Қ.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері - «Физика» кафедрасының оқытушылары Султанова К.Ж., Алиева М.Е., Джаксыгельдинова Э.А., Қамзабекова Ш.Б., Жексенбаева Г.А., Мырзатай М.М., Аққазиева Қ.
Конкурс нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен ФЕР-201 тобының студенті Қайрбек Анарай; ІІ дәрежелі дипломмен ФОК-191 тобының студенттері Жаншаева Айсулу және Қали Аружан; ФЕК-206 тобының студенті Рахтаева Аяжан; ІІІ дәрежелі дипломмен ФЕК-201 тобының студенті Асқаров Нұржан; ФЕК-205 тобының студенті Нариманова Ирадам; ФЕК-207 тобының студенті Суран Оралбай марапатталды.
Студенттер конкурста түрлі қызықты жобалармен баяндамаларын жасады. Аналитикалық есептеу арқылы жүргізілген зерттеулер, эксперименттік нәтижелер қорытындысы, компьютерлік модельдеу бойынша ғылыми жобалар қорғалды. Студенттер ақпараттық технологияны меңгерген және оны физикалық процестерді түсіндіру үшін қолдануда өз шеберліктерін көрсетті. Студенттер ғылыми жобаны қорғау кезінде мәселенің өзектілігін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін негіздеп, терең білімдерін көрсетті, сондай-ақ өз зерттеулерінің перспективаларын ұсынды.
|