қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.04.2022

«Үздік ғылыми жоба» конкурсы


Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен Ғылым күніне орай «Ғылым онкүндігі - 2022» іс-шарасы аясында «Физика» мамандығы студенттері арасында «Үздік ғылыми жоба» конкурсы 14 сәуір күні өткізілді.

 

Конкурс модераторы - «Физика» кафедрасының қауым. профессоры, ф.-м. ғ. к. Рыстыгулова В.Б. Әділ-қазылар алқасы - МФИ институты директорының міндетін атқарушы Хамраев Ш.И.; институт директорының ғылым және халықаралық байланыс қызметі бойынша орынбасары Уалиев З.Г., «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Сүгірбекова А.Қ.

 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері - «Физика» кафедрасының оқытушылары Султанова К.Ж., Алиева М.Е., Джаксыгельдинова Э.А., Қамзабекова Ш.Б., Жексенбаева Г.А., Мырзатай М.М., Аққазиева Қ.

 

Конкурс нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен ФЕР-201 тобының студенті Қайрбек Анарай; ІІ дәрежелі дипломмен ФОК-191 тобының студенттері Жаншаева Айсулу және Қали Аружан; ФЕК-206 тобының студенті Рахтаева Аяжан; ІІІ дәрежелі дипломмен ФЕК-201 тобының студенті Асқаров Нұржан; ФЕК-205 тобының студенті Нариманова Ирадам; ФЕК-207 тобының студенті Суран Оралбай марапатталды.

 

Студенттер конкурста түрлі қызықты жобалармен баяндамаларын жасады. Аналитикалық есептеу арқылы жүргізілген зерттеулер, эксперименттік нәтижелер қорытындысы, компьютерлік модельдеу бойынша ғылыми жобалар қорғалды. Студенттер ақпараттық технологияны меңгерген және оны физикалық процестерді түсіндіру үшін қолдануда өз шеберліктерін көрсетті. Студенттер ғылыми жобаны қорғау кезінде мәселенің өзектілігін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін негіздеп, терең білімдерін көрсетті, сондай-ақ өз зерттеулерінің перспективаларын ұсынды.