қазақша · русский · english
 
 
 
25.10.2018

«Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасын жетілдірудің тенденциялары (экология аясында)» ғылыми семинар

 

2018 жылдың 25 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құқықтану» кафедра мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасын жетілдірудің тенденциялары (экология аясында)» ғылыми семинар өткізілді.


Ғылыми семинарда заң ғылымдарын докторлары Лаззат Еркінбаева, Айгүл Бижанова, полиция полковнигі, Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Бауыржан Рахимов, баяндамалар жасады.


Баяндамада Қазақстан Республикасындағы Экологиялық Кодекстің жаңа жобасын заң ғылымдарын докторы Лаззат Еркінбаева талқылап өтті. Сондай-ақ ғылыми семинарда Қазақстандағы экологиялық қылмыстылықтың жағдайы, күйі, іс-тәжірбиедегі экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудағы қиындықтарға қатысты мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Ғылыми семианар соңында тұжырымдар жасалды.

 

   




Кері оралу