қазақша · русский · english
 
 
 
05.09.2018

Білімге қанат қақты жас өрендер!

 

  

 

2018 жылдың 1 қыркүйегі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығы аясында «Білім күніне» арналған мерекелік шара өткізілді.


Салтанатты шараның ашылуын университет ректоры Тахир Оспанұлы ашып, өз құттықтауы мен ізгі тілегін профессор-оқытуышларға, қызметкерлерге және білім алушыларға жеткізді.


«Білім күніне» арналған мерекелік шараның жалғасы Тарих және құқық институтына биылғы оқу жылына түскен 1-курс студенттеріне оқу ғимаратын көрсетіп, жоғары білікті мамандар дайындауға институттың материалдық-техникалық базасымен, мамандықтардың бағыты бойынша сабақтар өтетін арнайы жабдықталған лингофон кабинеттерімен, компьютер сыныптарымен, интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, жылжымалы экран сияқты техникалық құралдардың көмегімен және әлемдік озық методикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізілетін дәрісханаларды таныстырумен сабақталды.

 

Мерекелік танысу аясында 1-курс студентерімен және ата-аналарымен университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры - Асан Адасбекұлы оқу ордасының ғылыми-әлеуетімен, бүгінгі күнгі жетістіктерімен таныстырып, әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күні өзі армандаған мамандыққа қол жеткізіп, еліміздегі ЖОО-ның қара шаңырағы Абай атындағы ҚазҰПУ-не мақтанышпен келген білім алушыларға құттықтауын жеткізді.

 

«Білім күніне» арналған мерекелік кездесу шарасын нституттың директоры - Болат Сағидоллаұлы институтымыздың педагогтары мен профессор-оқытушылары атынан 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттаған студенттерге жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және оқу-білім үрдісінде тек қана сәттілік тілей отырып, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады - деп құттықтау сөзімен аяқтады.

 

   

 

 




Кері оралу